АҚШ-тың барлау қызметі 2001 жылғы терактке Ирактың қатысы жоқ екенін анықтады

Саддам Хусейннің "Аль-Каида" лаңкестеріне қатысы болмаған және АҚШ барлау бюросы бұл туралы әу бастан білген. Осындай мәлімдемені Орталық барлау бюросы таратты.

Демек, АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған терактіге Ирак араласпаған. Орталық барлау бюросы, теракт ұйымдастырушысы Мұхаммед Атта мен Ирактың барлау өкілі Прагада кездесті деген ақпаратты жоққа шығарғаны мәлім.

Алайда, АҚШ билігі, әсіресе вице-президент Дик Чейнидің ұстанымы өзгермеді. Ол Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар дегеннен де таймады. Бірақ бұл мәлімдеме дәлел таппағаны белгілі.

Еске салсақ, осы аргументтер Ирак аумағына басқыншылық жасауға негіз болған еді. Салдарынан 100 мыңнан астам әскери қаза тапты. Олардың 4,5 мыңы - АҚШ әскерилері. Сол соғыстан ел әлі күнге дейін есін жинай алар емес.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: