АҚШ-та сарбаз сақалы үшін соттасты

АҚШ-тағы мұсылмандардың құқық қорғау ұйымы Калифорнияның бұрынғы әскери қызметкері атынан Америка билігін сотқа берді. Бұл жайында islam.kz SFGate ақпарат көзіне сілтеме жасап хабар таратты. Фото: svarogday.com

АҚШ-тың әскери теңіз күштерінде борышын өтеп жүрген Джонатан Бертс есімді сарбаз діни кемсітушілікке ұшыраған болатын. Нақтырақ айтқанда, исламды қабылдаған Джонатан Бертс 2001 жылы басшылыққа сақал қоюды сұрап, өтініш түсірген екен.

Алайда, басшылық оның бұл өтінішін қанағаттандырмаған. Кейін Пентагон діни азшылықтан әскер қатарына келгендердің сырт келбетіне қатысты саясатын жұмсартқан да болатын.

Алайда, Джонатан Бертс үшін мұның еш мәні қалмаған: оның шенін төмендетіп, қара жұмысқа жегіп үлгерген еді. Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңес осыған байланысты шағым түсірді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: