АҚШ-та жылдың үздік автокөліктері анықталды

Америкалық сарапшылар жылдың үздік автокөліктерін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ. Сауалнамаға шамамен 350 мың америкалық жүргізуші қатысты.

Оларға өз машиналарының жайлылық деңгейі, жөндеу құны, сапасы, тиімділігі, басқарылуы және динамикалық көрсеткіштері бойынша сұрақтар қойылды.

Сауалнама нәтижелері бойынша, жылдың үздік автокөлігі болып қатарынан екінші рет электрлік седан Tesla Model S танылды. Осы көлікті тізгіндегендердің 98 пайызы қайта осы көлікті алғылары келетінін айтқан.

Сарапшылар әрбір сегментте үздік модельдерді атады. Спорт көліктерінің ішінде Chevrolet Corvette Stingray (95%) үздік деп танылды. Mazda6 (81%) үздік орташа көлемді автокөлік атанды.

Үздік автокөлік - Mercedes-Benz E-Class (88%), ал жол талғамайтын көліктер ішінен ең таңдаулысы - Porsche Cayenne (87%) болып шықты. Пикаптардың ішінде бірінші орында - Ford F-150 (80%).

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: