АҚШ ереуілшілер құқығын таптаған Венесуэлаға санкция жарияламақ

АҚШ Сенаты Үкіметке қарсы көтерілісшілердің құқығын бұзғаны үшін Венесуэлаға санкция енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.


Бұл туралы UPI аггенттігі хабарлады.

Заң жобасы биылғы жылдың 4 ақпанында басталған Үкіметке қарсы ереуілшілердің құқығын аяқасты етіп, зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданған қазіргі және бұрынғы венесуэлалық шенеуніктерге бағытталып отыр.

Атап айтқанда, санкция иелері үшін АҚШ-қа келуіне тыйым салынып, виза беру тоқтатылады және олардың активтері бұғатталмақшы.

АҚШ Венесуэла Үкіметінің шенеуніктеріне виза бермеу жөнінде биылғы шілде айында да шешім шығарған болатын.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың ақпан айында Венесуэла халқы елдегі тауар тапшылығы, жоғарғы инфляция мен қылмыс деңгейіне наразылық білдіріп, Үкіметке қарсы ереуіл ұйымдастырғаны белгілі. Мамыр айына дейін жалғасқан көтерілістер кезінде 40-тан астам адам қаза тапқан болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: