Ақмола облысында екі жұмысшы бетон плитаның астында қалып, көз жұмды

Жарқайың ауданының Державинск қаласында су құбырының бойында орын алған апатты жою кезінде екі жұмысшы бетон плитаның астында қалды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға Державинск қаласы Бейбітшілік көшесіндегі №71 тұрғын үй маңында орын алған.

Жарылған су құбырын жөндеу барысында шұңқыр ішіне топырақ опырылып кетіп, "Коммунсервис" коммуналдық кәсіпорнының 1993 және 1995 жылғы екі жұмысшысы бетон плитаның астында қалды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: