Ақмола облысында 55 жастағы әйел бірге тұрып жатқан ер адамын пышақтап өлтірді

Ақмола облысында 55 жастағы әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды пышақтап өлтірді деп, мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жан түршігерлік оқиға желтоқсанның 9-ы күні түнгі сағат 23:30 шамасында Шаңтөбе кентінде орын алған. 1959 жылғы әйел өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның жүрек тұсынан пышақ сұғып алған.

Ауыр жарақаттан ол сол жерде көз жұмған. Ал, әйел болса, 40 минут өткеннен соң барып кісі өлтіргені жөнінде көршісіне хабарлаған. Көршісі дереу жедел жәрдем қызметін шақырғанымен дәрігерлер ер адамның өміріне араша түсе алмады.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, үстінен Қылмыстық кодекстің 103 бабының 3 бөлімі (қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: