2015 жылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемі ұлғаяды

2015 жылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге ел бюджетiнен 227 миллиард теңге бөлу қарастырылуда.


Бұл туралы бүгiн  Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнде өткен брифингте Медициналық қызметке ақы төлеу комитетi төрағасының орынбасары Инна Стратулат мәлiм еттi.

Оның атап көрсеткенiндей, бәсекелестiк ортаны дамыту мақсатында министрлiк жеке меншiк медициналық ұйымдар арасында тегiн медициналық көмек көрсетуге мемлекеттiк тапсырыс берудi ұлғайтып келедi.

"Бұл адамдардың кез келген облыста тегiн медициналық қызмет алуына мүмкiндiк бередi. Себебi Қазақстанда тұрғылықты жерiне қарамастан қызмет алуға мүмкiндiк беретiн бiрiздi жүйе енгiзiлген. Сонымен қатар жеке меншiк клиникаларды жиi тарта отырып, халықтың тегiн медициналық көмекке деген қолжетiмдiлiгiн арттыруға жол ашылады", - дейдi Инна Стратулат.

Оның айтуынша, 2014 жылы мемлекеттiк тапсырыс аясында тегiн медициналық көмек көрсетуге қатысқан 557 медициналық ұйымның 161-i - жеке меншiк.

Соңғы бес жыл iшiнде тегiн медициналық көмектiң көлемi арттырылып, ондағы жеке меншiк сектордың үлесi 4 есеге көбейген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: