2015 жылы Skoda автокөлігінің жаңа модельдері шығады

Қазақстандық автомобиль нарығында Skoda 4 жаңа модельмен толығады. "Азия Авто" республикадағы ірі автомобиль зауыты Skoda Octavia 4x4, Octavia Combi 4x4, Octavia Scout және Yeti 1.6 MPI AT автокөліктерін құрастыра бастады.

Компаниядан хабарлағандай, Skoda маркасына деген сұраныс биыл артқан. 2014 жылдың қаңтарынан қазанына дейін сатылған көліктер саны 43% артқан. 2015 жылдың ақпанынан қазақстандықтар Skoda-ның оннан астам автомобиль модельдері мен модификацияларына қол жеткізе алады.

"Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың сөзіне қарағанда, зауытта Skoda-ның жаңа модельдері құрастырыла бастады. "Skoda" Қазақстанда жақсы сатылатын автомобильдердің ондығына енген. Қаңтар-қазан айларында шығарылған өнімнің 21% жуығы Skoda үлесі.

Аталған маркаға деген сұраныстың артуы ағымдағы жылдың шілде айында Rapid Spacebask хэтчбегін, Octavia RS лифтбэктерін және Octavia 1.6 MPI құрастыра бастауымен байланысты. Жаңа көлік иелерінің көбі Rapid-ті таңдаған.

Бүгінде бұл еуропалық модель Қазақстан нарығында бірінші орында. Жаңа модельдер 2015 жылдың ақпанынан сатыла бастайды деп жоспарланған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: