2015 жылы Байқоңыр мектептері қазақстандық білім беру жүйесіне көшеді

Мәскеу қаласында "Байкоңыр" кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.Фото: dic.academic.ru

Отырысқа премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Байқоңыр қаласында Қазақстан қаржыландыратын 6 білім ордасы бар. Аталған мектептер енді 2015 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап қазақстандық стандартта білім беретін болады.

Екі ел үкіметі 20 желтоқсанға дейін қол қоюға қажетті құжаттың жобасын дайындауға келісті.

Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 100 келушіге арналған әйелдерге кеңес беру орталығы бар 80 орындық перзентхана Ресей үкіметіне жалға беріледі. Бұл 2015 жылдың 1 ақпанында жүзеге асады.

Бұған қатысты құжаттарды 19 желтоқсанға дейін Қазақстан Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Ресейдің медициналық-биологиялық федералдық агентігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі бірлесіп әзірлейді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: