2015 жылдан бастап Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктер кіргізілмейді

2015 жылдың қаңтарынан рөлі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салынады. Енді олар Кедендік одақ аумағына кіргізілмейді.

Бұл туралы Қазақпарат Астана арнасына сілтеме жасап хабарлады.

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің жаңашылдықтарын Өскеменде Кедендік одақ елдерінің сарапшылары талқылады.

Сондай-ақ келесі жылдан доңғалағы бар көлік құралдары жедел қызметтерді шақырту жүйесімен жабдықталады.

Бұл жол-көлік апаты болған жағдайда құтқарушылардың әрекет ету уақытын қысқартады және медициналық қызметтің де оқиға орнына тезірек жетуіне септігін тигізеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: