2014 жылы Қазақстанда 200-ден астам деструктивтік сайттар жабылды

2014 жылы Қазақстанда 200-ден астам деструктивтік діни сайттар жабылды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің діни істер комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.  

"Тек биыл ғана біздің комитет діни сипаттағы 8 мың сайтты қарап шықты. Деструктивті 244 сайт бойынша сараптама жасалып, соның негізінде материалдар ол сайттарға кіруді Қазақстан аумағында жабу үшін тиісті органдарға жіберілді", - деді Шойкин сәрсенбі күнгі брифингте.

"Сондай-ақ 100-ден астам бейнематериалдарға талдама жасалып, олар да сараптамадан теріс баға алып, оларға да біздің ел аумағында көрсетілуге тыйым салынды", - деді ол.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: