2014 жылдың үздік спортшылары анықталды

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы жылдың үздік спортшыларын  анықтады деп хабарлайды  NUR.KZ.


Құрамына спорттың бес түрі енетін Конфедерация жыл соңында ел спортының үздіктерін анықтауды дәстүрге айналдырған. Биыл халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған үздік спортшыларды анықтауға еліміздегі спорт журналистері мен спорт мамандары қатысты.

Нәтижесінде, дзюдодан 2014 жылдың үздік спортшысы болып Елдос Сметов танылды. Ол Азия ойындарының алтынын алған алғашқы қазақ дзюдошысы.

Грек-рим күресінен Азия ойындарының екі мәрте чемпионы атанған Нұрмахан Тінәлиев үздік шықты. Нұрмахан "классикалық" күрестен Азиаданың екі дүркін жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Еркін күрестен биыл Азия чемпионатында алтын иеленіп, Азия ойындарында күміс жүлде тағынған Расул Қалиевті мамандар мен журналистер көш басына шығарды.

Әйелдер күресінде ұлттық құраманың бас бапкері әрі танымал балуан, биылғы Азия чемпионы Гүзел Манюрова үздік атағына  лайық болған.

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин биылғы жылдың ең үздік спортшысы атанды. Ал таеквондодан талантты спортшы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев үздік деп танылды.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: