200 еуроның кәдесыйын ұрлаған Олимпиада чемпионы ұятқа қалды

Жүзуден 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, француз қызы Лор Маноду Париждегі Диснейлендтің кәдесыйлар дүкенінде жайсыз жағдайға тап болды.


Спортшы қыздың сөмкесінен ақысы төленбеген 200 еуроның тауары табылды, деп хабарлайды Europe 1 радиосы.

28 жастағы спортшы қыз кәдесыйлар дүкенінен шыға беріс жерде төрт жасар қызымен және құрбысымен ұсталып қалды. Алдымен күдіктілерді бөгеп қалған қауіпсіздік қызметінің өкілдері чемпион қыздың құрбысын тексеріп, сөмкесінен ақысы төленбеген 300-ге жуық еуроның заттарын тапты.

Соңынан күзетшілер Манодудың сөмкесін тексеріп, ұрланған бірнеше кәдесыйды көргенде қатты таңғалған. Келіншектер полиция учаскесіне жеткізіліп, сол жерде ұрлық жасағандарын толық мойындаған және ұрланған заттың ақысын төлеуге келісіпті.

Содан кейін полицейлер оларға қатаң ескерту жасап, үйлеріне босатып жіберді. Лор Маноду Әлемнің үш дүркін чемпионы және Еуропаның тоғыз дүркін чемпионы болып табылады.

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында спортшы қыз еркін стильмен 400 метр қашықтыққа жүзуде алтын алқалаған болатын.

Грекияда өткен ойындарда ол екі күміс олжалады – еркін стильмен 800 метрге жүзуде және 100 метрге арқамен жүзуде. 2013 жылдың қаңтарында Маноду спорттық мансабын аяқтағанын жария етті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: