1 ақпаннан бастап Қазақстанда тағы да электр энергиясы қымбаттайды

2015 жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясы тарифі Қазақстанның барлық аймақтарында қымбаттайтын болды. Аталған жарлыққа Энергетика министрі Владимир Школьник қол қойды деп хабарлайды NefteGaz.kz.

Министрдің сөзінше тарифтің бұлайша қымбаттауына әсер етіп отырған бірден-бір жайт экономикалық жағдай. Энергожүйенің жаңа күшке ие құрылысы мен инфраструктура инвестициясына қажеттілігі. Алайда бағаның нақты қанша есеге қымбаттағанына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Бұдан өзге министр биылғы жылдан бастап электр энергиясын үнемдегіш жабдығы Electricity Saving Box ел аумағына кіргізілмейтіндігін де атап өтті. Мұндай шешімге келудің басты себебі аталған жабдық қазақстандық электржүйесінің мүмкіндігіне сәйкестендіріліп жасалмаған дейді.

Әрі мұндай құрылғыны пайдалану шығынға ұшыратуы мүмкін дегенді айтады министр Владимир Школьник.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 1 қаңтар айынан бастап электр энергиясының тарифі Қазақстанның бірнеше аймақтарында қымбаттаған болатын.

Алматы мен Ақмола облыстарында 7,5 %-ға, Павлолдарда 3,5 %-ға, Шымкентте 6 %-ға қымбаттаса, Ақтаудағы бағаны 10 %-ға бірден көтеру жоспарланып отыр. Аталған тарифтік баға алдағы бес жыл бойына сақталмақ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: