Өткен жылы Қазақстанға шетелден 7 мыңға жуық оралман қоныс аударған

Азаматтық алудың қиындығына қарамастан атамекенге оралып жатқан қазақтар саны азайған жоқ. Өткен жылы Қазақстанға шетелден 7 мыңға жуық оралман қоныс аударған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, отанына 3 мыңнан астам отбасы оралған. Бірақ, қандастарымыздың қай аймақтарға көшіп келгені туралы ақпарат жоқ.

Ресми статистикаға сүйенсек, дүние жүзінің түкпір түкпірінен елім жерім деп келген ағайынның 6 жарым мыңы ер азамат болса, 3 жарым мыңы әйелдер.

Ал олармен ілесіп келген балалар саны екі мыңға жуықтайды екен. Айта кетерлігі, атамекенге қоныс аударғандардың басым көпшілігі орта білімі бар, жұмысқа қабілетті азаматтар.

Тек мыңға жуығының ешқандай білімі жоқ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: