Өскеменде бассейнге шомылған балалардың денесіне жара қаптап кетті

Өскеменде жас спортшылардың ата-аналары айқай шғарды. Айтуларынша, бассейнге шомылуға баратын балалары шетінен дертке шалдыққан.

 

Көбінің шаштары түсіп, денелерінде белгісіз жара қаптап кетіпті. Қазір спорт секциясына емес, ауруханаға барып жүрген балалардың ата-аналары бүгін бассейн орналасқан орталыққа басып кірді.

Өскемендегі су жаңа қауыз тек жарты жыл бұрын қолданысқа берілген. Қауызға қапылып келетін жастардың бүгінгі жаттығуы басталмай жатып бітті. Өйткені бассейнге балалар емес ашулы ата-аналар келген.

Олар түсініксіз тірліктің түйінін білу үшін басшылықтың қуықтай бөлмесіне басып кірді. Айтуларынша,  бассейнге малтыған балалардың жасы жетпей бастарынан шаштары түгел түсіп, балғын денелерінде жара қаптап кеткен.

Енді спортты сырып қойып, ауруханаға ағылған жүзгіш балғындар.

"Суға түсіп біткеннен кейін балам үйге келгенде денесінде қызарғандар пайда болады. Ол қышып өзін жайсыз сезінеді. Меніңше, бассейнде суда баланың терісіне мүшесіне кері әсер ететін заттар бар", - дейді Анар Құнаржанова.

Бассейнннің басшылары ашуға мінген ата-аналарға не уәж айтарын білмей дал. Өйткені жарты жыл бұрын ғана 1 миллиард теңге жұмсалған қауызды жаман деуге ауыз бармайды. Бірақ мақтайын десе жұрт жүндей түтіп тастауы мүмкін. Ешқандай апат та болмапты, індеттің себебі де беймәлім.

"Қазір, аппараттарды аралап көріп өттік. Арызданған ата-аналармен. Ешқандай ақау жоқ.Қазір қайтадан комиссия жасап қайтадан өткіземіз", - дейді  бассейн директоры Әділ Сексембаев.

Ата-аналар тіпті қауыздан су алып, арнайы сараптама жасатқан. Сөйтсе, онда хлордың мөлшері тым көп боп шығыпты. Су жаңа қауызға химиялық затты шектен тыс шашқандардың сазайы берілмек енді

Қазір 10 бала секциядан кетіп тынды. Ал бассейнге басымен жауап беретіндер қауыздағы суды ауыстыруға тура келіп жүрмесе игі еді дейді. Өйткені оның өзіне қазынадан 3 миллион теңге бөлу қажет екен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: