Әнші Абай Бегей Роза Рымбаеваның сынына өкпелемейтінін айтты

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын  халық әртісі Роза Рымбаева Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әнін радиодан тыңдағысы келмейтінін, мәлімдеген.


Осы орайда әнші Абай Бегей де айтылған сынға байланысты өз пікірін білдірді деп жазады baistars.kz.

"Роза Қуанышқызы туралы айтар болсам, біз сонау бала кезімізден ол кісінің әнін тыңдап, еліктеп өстік. "Мен Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әнін тыңдамаймын, радиодан болып жатса өшіре саламын" деп айтқан екен. Тыңдасын, тыңдамасын мен бұл әнді Роза апамыз үшін емес, халық үшін жаздым", -  деді әнші.

Ол  Роза Қуанышқызының өз әнін тыңдағанына қуанышты екенін және айтқан сынына ренжімейтінін айтқан.

"Роза апайымызға тек шығармашылық табыстар тілеймін. Бізді өсіретін де халық, өшіретін де халық қой. Сондықтан, халыққа қызмет етеміз. Қазіргі таңда әнім сұранысқа ие, еңкейген қарттан бастап, еңбектеген балаға дейін тыңдап, қосылып айтады. Тіпті, Кубалық әртістерім де орындап жүр. Ресейлік әнші Тимати де өзінің ән кештерін берген кезде концерттің ашылуында және соңында менің әнімді қояды, сөз арасына "Это моя любимая песня" деп айтатынын да естідім", - деді Абай Бегей.

Сондай-ақ, әнші Абай Бегей ресейлік жұлдыз Тиматимен қазақ тілінде ән шырқайтынын да айтты.

"Тиматимен хабарласып, келісіп қойдық. Тек уақыт жағынан екеуміздің күнтізбеміз сәйкес келмей жатыр. Желтоқсан айына жоспарлаған едік, реті түспеді. Көктемге дейін кездесіп, әнді қазақ тілінде орындаймыз. Ортасына рэп қосуымыз мүмкін", - деді ол.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: