Әйгілі отандық скрипкашы әлемдік сахнада өнер көрсететін скрипкасын жалға алады

Айман Мұсақожаева әлемдік сахнада өнер көрсететін скрипкасын жалға алады. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте танымал скрипкашының өзі мәлім етті.

"Негізі, скрипканың түпатасы біздің қобыз деуімізге болады. Ал менің өнер көрсетіп жүрген скрипкам 17 ғасырда жасалған. Ол даңқты шебер Антонио Страдиваридің қолынан шыққан. Сондықтан да оның бағасы өте қымбат", - дейді Мұсақожаева.

Сонымен бірге ректор осыдан 15 жыл бұрын біздің мұражайымыз бұл скрипканы Нью-Йорктен сатып алған кезінде құны 700 мың долларға бағаланғанын айтты.

Сондай-ақ Айман Мұсақожаева скрипканың қазіргі бағасы одан да қымбат екендігін, бүгінде скрипканы мұражайдан айына 100 мың теңгеге жалға алатынын атап өтті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: