Әйелін қиярмен зорлаған ОҚО тұрғыны 15 жылға сотталды

Шымкентте өз әйелін кәдімгі қиярмен зорлап, қызын жыныстық қатынасқа тартқан әкеге үкім шықты.


Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаға нүкте қойды.

Санаға сыймайтын ауыр қылмыс үшін 35 жастағы еркекті 15 жылға бас бостандығынан айырды.

"Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза 15 жыл берілді. Қатаң режимдегі колнияда өтейді", - деді  ОҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Темірәлиев.

Одан бөлек ол наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, алкоголизммен ауырады деп танылған. Жазасын өтеу барысында ол еріксіз түрде алкоголизмнен емделу тағайындалды.

Айтуға ауыз бармайтын сұмдық оқиға жазда, Сайрам ауданында болған еді. Ұзақ рейске шығып, нәпақасын тауып жүрген отағасы сол күні ішімдікке тойып алып, әйелі мен қызына қорлық көрсеткен болатын.

Зомбылық әрекеттің салдарынан бұл екі жәбірленуші де дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: