Ұлыбританияда ұры құны $20 мың тұратын сақинаны жұтып қойды

Ұлыбританияның Брайтон қаласындағы зергерлік дүкенге ұрылар түскен. 22 жастағы Райханур Чудухри сыбайластары сатушыны алдандырып тұрған сәтінде дүкеннің сөресінде тұрған 18 каратты гаухар тасты сақинаны жұтып жіберген.

Дүкеннің қызметкерлері бұны байқап қалып, полиция шақыртады. Дүкенде орнатылған бейнебақылауда жігіттің қолындағы затты аузына апарғаны анық жазылған.

Тәртіп сақшылары ұрыны дәретханаға бірнеше сағатқа қамап та қойған, алайда ол жүзікті қайтармады. Сондай-ақ полицейлер ұрыны рентгенге түсіру кезінде оның асқазанынан ешқандай жүзік көрінбеді.

Ал зергерлік дүкенінің сатушысы жүзік ұрының асқазанында екеніне күмән келтірмей отыр. Аталған іс бойынша сот тыңдалымы 17 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: