Ұлттық банк украиналық ертегінің желісі бойынша монета шығарды

Ұлттық банк бірнеше ескерткіш монеталарды жарыққа шығарды. Олар Польшаның монета сарайына сатылады.

Монеталардың бірі "Жоғалып бара жатқан жəне сирек кездесетін жануарлар түрлері" сериясынан, номиналы 100 теңгелік "Сұңқылдақ аққу" ескерткіш күміс монетасы.

"Сұңқылдақ аққу" күміс монетасының пішіні сопақ. Монетаның бет жағының орталық бөлігінде Қазақстан республикасының елтаңбасы бейнеленген. Сондай-ақ монетада оның сынамын жəне массасын білдіретін "Ag 925 24 g" жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементі, номиналды білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу жəне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген.

Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жəне монета соғылған жылды білдіретін "2014" деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, сопағы 38,61 х 28,81мм, дайындау сапасы – "proof", ең көп таралымы – 13 мың дана.

Сонымен қатар тағы бір күмістен жасалған "Қазақстанның фаунасы мен флорасы" монеталар сериясына жататын "Бəйшешек" ескерткіш монетасы.

"Бəйшешек" күміс монетасының пішіні сопақ болып келген. Монетаның бет жағында бəйшешек күлте жапырақшаларының стильдендірілген бейнесінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу жəне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген.

Монетаның сырт жағында бəйшешек гүлдерінен жасалған композиция бейнеленген. Композициядағы астыңғы гүлдің ішкі бөлігі алтындатылған.

Сонымен бірге айналдыра мемлекеттік тілде "БƏЙШЕШЕК" деген жазу, латын тілінде түрдің атауы "CROCUS ALATAVICUS" жəне соғылған жылын білдіретін "2014" деген санды байқауға болады.

Монета таралымы – 3 мың дана.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: