Ұлттық банк: Елде шетел валютасы таусылған жоқ

Қазақстанның ұлттық банкі Қазақстанда қолма-қол шетел валютасының тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Ұлттық банк және оның аумақтық филиалдары елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалға қатысты күнделікті мониторингті жүзеге асырып отырғанын жеткізді.

Хабарламада айырбастау пункттері екінші деңгейдегі банктердің тарапынан да, сол сияқты Ұлттық банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілгені айтылды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: