Ұлттық банк 2015 жылы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстап тұрмақ

Ұлттық банктің  2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында 2015 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстау көзделуде.


Ал 2014-2018 жылдар аралығында экономика дамуының барлық сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 5-7 пайыз дәлізінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі мақсаты болмақ.

Ал 2015 жылғы мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу аясында инфляцияны 5-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру жоспарлануда. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. 2012 жылдан бері оның жылдық көлемі 5,5% деңгейінде сақталуда.

Ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк 2014 жылы екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру қарыздарын беруді, қысқа мерзімді ноттарды шығаруды, банктерден депозиттер тартуды жалғастырады.

Сонымен қатар, банктер Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі талаптардың нормативтерін орындайды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: