Үндістанда содырлар шабуылынан 50-ге жуық адам қаза болды

Үндістанның Ассам штатындағы Бодоленд ұлттық демократиялық майдан тобының содырлары қолынан қаза болған тұрғындар саны 48-ге жетті. Бұл туралы Times of India хабарлады.

Жергілікті полиция дерегі бойынша, құрбан болғандардың барлығы қарапайым тұрғындар. Қайтыс болғандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Ұлттық демократиялық майдан содырлары Сонитпур мен Кокраджар өңірлерінің 5 аймағына шабуыл жасаған. Полиция өкілдерінің айтуынша, шабуылдар әлі де жалғасуы ықтимал.

"Сондықтан, зардап шегушілер саны да ұлғаю мүмкін", - дейді құқық қорғаушылар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: