Үндістанда 179-жастағы қария табылды

Үндістанда 1835 жылы дүниеге келген қарт адам өмір сүруде. Ол зейнеткерлікке 122-жасқа келгенде шыққан.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Махашта Мурасидің айтуынша, өзі Бангалорда дүниеге келген екен.1903 жылы Варанасиге қоныс аударып, 1957-жылға дейін етікші болып жұмыс істеген. "Немерелерім баяғыда дүние салған. Мені өлімнің өзі ұмытып кеткен сыңайлы. Өлуге деген үмітім де жоғала бастады. Мүмкін ажалсыз шығармын", - дейді Мураси. Оның рекордтық жасын анықтау мүмкін болмады. Туу туралы куәлігі де, төлқұжаты да жоқ, не тиісті мекемелерде тіркелмеген.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: