Үндіс мұрынмен мәтін теруден рекорд орнатты

Үндістандағы Хайдарабад қаласының тұрғыны Мохаммед Хуршид Хусейн (Mohammed Khursheed Hussain) мұрынмен мәтін теру жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды The Daily Mirror.

Гиннес Рекордттар кітабы сарапшыларының көзінше 23 жастағы жігіт 103 сөзден тұратын мәтінді 47,44 секундта теріп шыққан. Мохаммед басып шыққан мәтіннің басы былай деп басталды: "Мына мәтінді қысқа уақытта теріп шығу үшін Гиннес Рекордтар кітабы мені таңдады".

Мәтінді теру кезінде назарын пернетақтаға тіктеу үшін Мохаммед бір көзін жұмып алды. Сондай-ақ оның қолдары арқасына қайырылып байланған. Мұрынмен мәтін теруде рекорд орнату үшін жігіт соңғы үш жылда күніне алты сағат бойы жаттығыпты.

Мохаммед Хуршид Хусейн бұған дейін де осындай рекорд орнатқан болатын. 2012 жылы ол ағылшын алфавитінің барлық қаріптерін бар-жоғы 3,43 секундта теріп шыққан деп жазады BNews.kz.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: