Үкімет бензин бағасының арзандайтынын растады

Қазақстанда бензин бағасы арзандайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.Ұзақбай Қарабалин

"Бензин арзандайды. "Аи-92" бензин 128 теңгеден 115 теңгеге арзандайды.

"Жанар-жағармайдың бағасы төмендейдi ме? Жауап: иә. Жақында құны Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейінде, 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек", - дедi Қарабалин.

Еске сала кетейiк, бұған дейін депутат Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бүгiн вице-министр бұл болжамды растады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: