Қызылордалық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Жаңақорғандық жас палуан Рахманберді Әбдірашит Ресейдің Қазан қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында 65 келі салмақта алтын медальді иеленді.


Бұл туралы Қазспорт арнасы хабарлайды.

Әлемнің 22 мемлекетінен келген палуандардың белдесуінде Рахманберді финалда ресейлік спортшының жеңді.

Елімізден барған 10-ға жуық спортшының арасынан жалғыз алтынды иеленген Рахманберді Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Өйткені, бұл дүбірлі дода желтоқсан айының 13-16 күні аралығында өткен болатын.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Рахманберді Әбдірашит облыс орталығындағы Абылай хан атындағы колледждің 1-курс студенті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: