Қытайда лаңкестікке қатысы бар 8 ұйғыр азаматы өлім жазасына кесілді

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында лаңкестікпен айналысқаны үшін сегіз адам өлім жазасына кесілді деп хабарлайды Agence France-Presse.


Тағы бес адам кейінге қалдырылған өлім жазасымен жазаланған. Қытай заңы бойынша, егер сотталушы түрмеде үлгілі тәртіппен көзге түссе жазаның бұл түрі өлім жазасынан құтқарып қалуы да мүмкін.

Айта кетейік, сотталғандардың ұйымдастыруымен ең алғашқы лаңкестік оқиға 30 сәуір күні теміржол вокзалында орын алған еді. Оның салдарынан үш адам қаза тауып, 79-ы жараланған болатын.

Ал 22 мамыр күні таңғы сағат сегіздер шамасында екі көлік базар маңындағы адамдар тобын қағып өтіп, оларға қарата жарылғыш заттар лақтырған. Оқиға орнында өрт болып, 34 адам лаңкестіктің құрбанына айналды. Тағы 94 адам ауыр жараланған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: