Қырғыздар Еуразиялық экономикалық Одаққа кіргісі келмей қалды

Ресейдің құлдырап жатқан экономикасынан шошынып қалған Қырғызстанның кейбір саясаткерлері Еуразиялық экономикалық Одаққа кіргісі келмей қалды.


Тіпті, бірқатар партиялар күні ертең енуі тиіс кедендік одақтан бас тартуды талап етіп жатыр. Алайда, Қырғыз үкіметінің ресми сайтында одаққа кіру туралы нормативтік құжаттардың қабылданып, Жоғарғы Кеңестің мақұлдауына жіберілгені жарияланды.

"Шенеуніктердің барлығы үнсіз қолдап отыр. Ал, бұл одақтың - қымбатшылық, тәуелділіктен басқа сыйы жоқ. Тауар экспорты жағынан озып тұрған тек Ресей ғана. Яғни, солтүстік көршіміз үшін ғана бұл одақ тиімді. Себебі, Қырғызстан сыртқы нарыққа алып шығуға дайын емес. Шикізат күйінде қалғандықтан, пайдасын көре алмайды", - дейді оппозициялық депутат Равшан Жәнібеков. 

Қырғызстан биылдан қалмай Кедендік одаққа енеді дегелі, көрші елдің көлігін мініп келген қазақстандықтардың арасында рәсімдеу енді еш қиындықсыз шешіледі деген сөз қаулап кеткен.

Себебі, ортақ одақтың шарттары бойынша, кедендік рәсімдеу алынып тасталуы керек. Қазір елімізде бірнеше мыңнан аса қырғыз көлігі бар. Алайда, сарапшылардың айтуынша, кедендік одақтың талаптарына сәйкес, Қырғызстанның төлем декларациясы да үш елмен бірдей теңестірілуі керек.

Қырғыз еліне арзан көліктердің сырттан тасымалдануы да сап тыйылатындықтан, көлік нарығындағы баға керісінше шарықтайды деп отыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: