ҚТЖ халықаралық темiржол билеттерiн арзандатады

Халықаралық темiржол билеттерiн ерте сатып алушыларға "ҚТЖ" 30 пайыз жеңiлдiк жасайтын болады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында "Жолаушылар тасымалы" Жедел жұмыс қызметiнiң басшысы Жамбыл Байделдинов мәлiм еттi.  

Оның айтуынша, мұндай мүмкiндiк 2015 жылдан бастап қолжетiмдi болады.

"Бiз бүгiнде билеттердiң бағасын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Бiрiншi кезде ол жеңiлдiк жасау тетiктерiне қатысты болып отыр. 2015 жылы 11 қаңтардан бастап, халықаралық деңгейдегi темiржол қатынастарына 30 пайыздық жеңiлдiк жасау бағдарламалары жасалмақ. Егер жолаушы алдын ала сатып алса, билет бағасы төмен болады", - дедi Жамбыл Байделдинов.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: