Қостанай облысында ЖОО оқытушысын өлтіріп кетті

Рудныйда жергілікті индустриалдық институттың оқытушысы 30 жылдығын тойлаймын деп ажал құшты.

Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп, хабарлайды Қазақпарат.

Зардап шегушіні қылмыскерлер 6 жерден пышақпен жарақаттаған. Марқұмды келесі күні көршісі тапқан.

Полиция қызметкерлері дәмханадағы кештен кейін оқытушы үйіне 26 жастағы досын ертіп келгенін анықтады. Ол жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті.

Қылмысын мойындаған күдікті тұтқынға алынды. Іс бойынша заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: