Қостанай облысында өрттен ер адам қаза болды

Қостанай облысы Айдарлы ауылында өрт салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

17 желтоқсанда түнде пәтерде өрт шығып, тілсіз жау 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Қожайынның мәйіті еденде жатқан күйінде табылып, Әулиекөл ауданының орталығына сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілген.

Өртті қаза тапқанның адамның көршілері ауыздықтаған. Өрттің шығу себептері әзірге анықталмады, алайда бұл қасақана жасалды деген болжам бар.

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: