Қорғаныс министрлігінде тінту жүргізілген деген ақпарат жоққа шығарылды

Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы Қорғаныс министрлігінде тінту жүргізіліп, қаржы құжаттары алынып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, министрлікке қатысты ақпаратты 10 желтоқсанда бірқатар БАҚ-ы хабарлаған.

Бірнеше БАҚ Бас әскери прокуратура тергеушілерінің Қорғаныс министрлігінде тінтулердің және мемлекеттік сатып алумен байланысты, оның ішінде Қарулы күштерін насихаттау бойынша жарнамалық роликтердің шығарылуы туралы қаржылық құжаттардың алынуы жайында ақпараттарды таратқан еді.

Алайда хабарламада ақпараттарда келтірілген мәліметтер шындыққа жанаспайтыны, бас әскери прокуратурамен Қорғаныс министрлігінде аталған мақсатта қандай да бір тергеу амалдары жүргізілмеген және бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама таратылмағаны айтылды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: