Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде жолдар жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы және Жамбыл облыстарында көлік қозғалысы үшін жолдар жабық.Фото: diapazon.kz

Бұл туралы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, боранға және жолдың нашар көрінуіне байланысты 7 желтоқсанда Жамбыл оболысында "Үшарал-Достық" тас жолының учаскелері (83-184 шақырым) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ "Алматы-Ташкент-Термез" (528-593 шақырым) тас жолының учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Айта кетсек, сонымен қатар қолайсыз ауа райы салдарынан Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: