«ҚазМұнайГаз» жаңа жылдық кештен бас тартты

"ҚазМұнайГаз" компаниясы жаңа жылдық корпоративтік кеш өткізбейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Әрине, мұнайдың әлемдік бағасы төмендегеннен кейін біздің де бюджетіміз қысқарады. Бірақ, егер мұнай көлеміне келер болсақ, өндірілетін мұнай көлемін қысқарту жоспарымызда жоқ. Келесі жылы биылғы көрсеткішпен бірдей көлемде мұнай өндіруге тиіспіз", - деді Мыңбаев.

Ал бюджет қысқарса, ауқатты компания ретінде жаңа жылдық корпоративтік кеш ұйымдастыру қарастырылады ма деген сауалға Сауат Мыңбаев: "Биыл "ҚазМұнайГаз" жаңа жылға байланысты корпоративтік кешті өткізбейді", - деп кесіп айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: