Қазақтың көрнекі ақыны Ибрагим Иса дүниеден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ибрагим Иса 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп жазады Алаш айнасы


Ибрагим Иса 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып тәмамдаған.

Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, "Ара" журналында фельетоншы, "Жалын" альманахында редактор, "Сахна-Сцена" журналында бас редактор, "Сақшы - На страже" газетінде, "Арай" журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. "Алтын сырға", "Таң алдындағы ән", "Тербеледі қайыңдар", "Жанымның жарығы" өлеңдер жинағының, көптеген ән мәтіндерінің авторы. "Ән-аға" атты ән альбомы шыққан.

Коми ақыны И.Куратовтың, орыс ақыны Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тілiне аударған. Ақынды ақтық сапарға шығарып салу шарасы Алматы қаласында, дүйсенбі күні таңертеңгі 10:00-де Жазушылар одағында өтеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: