Қазақстанның басым бөлігінде сенбі күні қарлы болады

Қазақстанның басым бөлігінде сенбі күні қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасынды желдің екпіні күшейе түседі, деп хабарлады "Қазгидромет".  

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-қа, ұйытқуы - 30 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа, кей жерлерде ұйтқуы 23-25 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болып, бұрқасын көтеріледі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп бұрқасындатады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: