Қазақстанның бірқатар аймақтарында -35 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет".


8 желтоқсанда Астанада, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы -30 градусқа төмендейді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында сынап бағанасы түнде - 20-25, кей жерлерде 30 аязды көрсетті.

8-9 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде бұл көрсеткіш 30-35 градус аязға жетпек.

Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады. Қар жауады, әсіресе елдің оңтүстік-шығысында, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашын жаумайды. Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, боран соғады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, боран соғуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, түнде жел 18-23 м/с дейін күшейіп боран болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, таңертең және күндіз оңтүстік Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: