Қазақстанның 6 өңірінде аяз күшейеді

Қазақстанның 6 өңірінде ауа температурасы -30 C° дейін төмендейді, деп хабарлайды bnews.kz.

Астанада 8 желтоқсан күні түнде -30 C° дейін аяз болады деп болжануда.

8 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысында ауа температурасы 20-25 градусқа, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.

"8-9 желтоқсан күні Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -30…-35 -30 C° дейін аяз болады", - делінген Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасында.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері ауа температурасы келесідей болады деп жазады baq.kz.

9 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздап қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -17-19°С, күндіз -13-15°С суық болады.

10 желтоқсанда: көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23-25°С, күндіз -11-13°С суық болады.

11 желтоқсанда: көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -15-17°С, күндіз -7-9°С суық болады.

Еске салайық, қыста ауа температурасының төмендеуіне және желдің күшеюіне байланысты елордалық мектептерде сабақтар өткізілмеуі мүмкін.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: