Қазақстанның әскери әуе күштері бірегей ұшақпен толықты

Қазақстанның әскери-әуе күштері кезекті С-295 ұшағымен толықты деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы авиациялық базаға Қазақстан әскери-әуе күштері үшін төртінші С-295 ұшағы келіп қонды. Бұл ұшақ Қазақстан тарапы мен еуропалық "Airbus Military" авиациялық концернінің арсында бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес келіп отыр", - делінген хабарламада.

Ұшақтың ұшып келуі Испания – Грекия – Әзербайжан – Қазақстан бағытымен үш кезеңде жүзеге асты. Оны әуе кемесінің командирі майор Дмитрий Гроц, командирдің көмекшісі майор Арман Жаникеев бастаған қазақстандық экипаж бен испаниялық экипаж жүзеге асырды.

Біздің Қарулы Күштер үшін осындай сегіз әуе кемесі жеткізілетін болады. Бұл тектес ұшақтар Қазақстанда 2012 жылғы желтоқсаннан бері пайдаланылып келеді.

Бүгінде қазақстандық ұшқыштар мен техниктер оларды толықтай игерді. С-295 экипаждары Қазақстан аумағында және алыс шетелдерде өткен барлық оқу-жаттығуларға қатысып жүр.

Пайдалануға берілген екі жыл ішінде С-295 біздің табиғи-климаттық жағдайда өзін сенімді және күй талғамайтын ұшақ ретінде көрсеткен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: