Қазақстандықтар екі күннің ішінде $1,5 млрд сатып алған

Доллардың маңыздылығы тағы байқалды. Еліміздің биржа қорындағы саудада Америкалық валютаның айналымы артып, соңғы екі күннің ішінде 1,5 миллиард доллар сатылған.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қазір көк қағаздың теңгеге шаққандағы құны 181 теңге 5 тиынды құрап отыр. Еліміздегі қаржы саласында АҚШ-тың доллары тағы күшіне енуде. КАСЕ өкілдері болса, мұндай өзгерісті ұлттық валютаның құнсыздануымен байланыстырады.

Республика бойынша, соңғы екі күннің ішінде, қаржы саудасында 181,5 теңге бағамы бойынша 1,5 миллиард доллар сатылған. Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, Ресей елінің валютасы да көш алдында екен. Өткен жылмен салыстырғанда Рубльмен сауда жасау көрсеткіші екі есеге артып, жыл басынан бері 8 миллиард рубль сатылыпты.

"Банктер АҚШ долларын сатып алған соң, еліміздің ұлттық банкі АҚШ волютасын бірнеше күнде қайта сатып алуда. Сонымен қатар, ресей рублінің де саудасы жүріп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл шетелдік инвесторлардың қаржы салуына байланысты", - деді Қазақстан қор биржасы кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бөлім маманы Әділ Буталев.

Ресей рублі біршама құнсызданғанымен, саудасы жүріп тұр. АҚШ доллары - 52, еуро - 63 рубльге тең.

Ал, тәуелсіз сарапшылардың пайымдауынша, ресей волютасы әлі де құнсыздана түседі. Алматы қаласының тұрғындары болса, қаржыларын бірнеше валютада сақтауды жөн көрген.

"Ресей рублінің құсыздануына батыс елдерінің санкциясы, саясаттың әсері, мұнайдың құнсыздануы әсер етіп отыр. Ол әрі қарай да жалғаса береді. Себебі, Ресей экономикасы әлі күнге дейін тәуелсіз емес. Ішкі экономикасы толық жасақталмаған", - дейді экономист Уәлихан Төлешев.

Қазақстан қор биржасындағы сарапшылардың айтуынша, АҚШ долларымен сауда жасаудың бұл көрсеткіші ең жоғары емес. Себебі, өткен жылы 179 миллиард доллар сатылған-ды. Ал, биылғы жылдың соңғы 10 айында бар болғаны 76 миллиард доллары саудаға түскен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: