Қазақстандық бойжеткен француздық журналдың мұқабасына шықты

18 жастағы қазақстандық ару Айя Шалқар француздық ZUT журналының мұқабасына шықты, деп жазады Bnews.kz lady.mail.ru сайтына сілтеме жасап.



Қазір жас модель Cтрасбургте оқып білім алып жүр. Бос уақытында көркемсурет студиясына барады, фортепианода ойнап, фотоөнер және дизайнерлікпен әуестенеді.

Айя Шалқар шетелдік басылым беттеріне шығып, өзге елде танымал болған жалғыз қазақстандық емес. Бұған дейін қазақстандық модель Алена Субботина Armani брендін жарнамалап, Нью-Йорк, Париж, Барселона қалаларында өткен сән апталықтарына қатысқан еді.

Ал жақында елімізде тұратын 7 жасар қыз әйгілі брендтің жарнамасына түскен болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: