Қазақстанда екi атом стансасының орналасатын жерлерi анықталды

Қазақстанда екi атом стансасының орналасатын жерлерi анықталды. Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Франция бизнес форумында Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев мәлiм еттi деп хабарлайды Қазақпарат.

 
"Бiз екi атом электр стансасын салуды жоспарлаудамыз. Үлкен үкiметтiк комиссия құрылып, олардың орналасуына тиiмдi үш жердi анықтап бердi. Солардың iшiнен екi жер таңдалып алынды. Осы жылы атом электр стансасын салуда қыруар тәжiрибесi бар халықаралық компаниялармен келiссөздер жүргiзiлiп, олардың технологияларын тарту бойынша талқылаулар болды", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, АЭС Шығыс Қазақстанда бұрынғы Семей полигонында, Курчатов қаласының маңында және Балқаш көлi маңайында салынады.

"Қазiр жұмыстар жалғасуда. Таяудағы 2-3 жылда халықаралық сарапшыларды тарта отырып, атом стансаларының құрылысы жайында түбегейлi шешiм қабылдаймыз және жұмыс әрі қарай атқарылады", - дедi Жақсалиев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: