Қазақстанда әлеуметтік төлемақылар көбейеді

2015 жылы әлеуметтік төлемдер өседі. Зейнетақы 9 пайызға, ал мемлекеттік жәрдемақы 7 пайызға өседі. 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 21364 теңге болады.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Базалық зейнетақы көлемі 11182 теңгеге дейін көтеріледі. Арнаулы жәрдемақылар да өзгеріске ұшырап отыр. Атап айтқанда, мүгедектерге: І топқа 30337 теңге, ІІ топқа 23715 теңге, ал ІІІ топқа 16664 теңге төленеді.

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 22433 теңге төленеді. 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға: І топқа 30337 теңге, ІІ топқа 24783 теңге, ІІІ топқа 19442 теңге тағайындалады.

Асыраушысынан айырылғандар: 1 балаға 14 742 теңге, 2 балаға 25 424 теңге, 3 балаға 31619 теңге, 4 балаға 33542 теңге, 5 балаға 34610 теңге, 6 және одан көп балаға 36106 теңге жәрдемақы төленеді. Оның ішінде тұл жетімдер: 1 балаға 20 083 теңге, 2 балаға 40 165 теңге, 3 балға 60 247 теңге, 4 балаға 80 329 теңге, 5 балаға 100411 теңге, 6 және одан басқа балалардың әрқайсысына 9186 теңгеден беріледі.

Айлық есептік көрсеткіштің 1982 теңгеге көбеюіне байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы 1, 2 және 3-ші балаға 62255 теңге, 4-ші және одан көп балаға 103758 теңгеге артады. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне: 1 балаға 11417 теңге, 2 балаға 13498 теңге, 3 балаға 15559 теңге, 4 және одан көп балаға 17640 теңге тағайындалады.

Бұл ана жұмыс істемеген жағдайда төленетін ең төменге көрсеткіш. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақыларды алатын отбасы мүшесі қайтыс болған жанұяға – 31118 теңге. ҰОС қатысушысы немесе ҰОС мүгедегі қайтыс болған жанұяға 72542 теңге төленеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: