Қазақстанда қаңтар айында -43 градус аяз болады

2015 жылдың қаңтарында Қазақстан көп бөлігінде моңғол антициклонының әсері салдарынан аязды және аз қарлы болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мекемесінің баспасөз қызметі.  

"Қаңтарында басында бүкіл Қазақстан бойынша аяздың күшеюін күткен абзал: солтүстік өңірлерде термометрлер 22-30 градус аязды көрсетеді, оңтүстікте – минус 10-15 градус", - деді гидрометорталықтың бас инженері Әлия Оспанова жұма күні.

Сонымен қатар ол республиканың оңтүстік-батысы ғана ерекшеленетінін атап өтті, онда температуралық фон қалыптыға жуықтау, ал Маңғыстау облысы аумағында жауын-шашынның рекордтық мөлшері түседі.

Ең күшті деген аяздар, "Қазгидрометтің" болжамы бойынша, елдің барлық аумағына айдың екінші жартысында келеді: Шоқыну мерекесінен (Крещение – 19 қаңтар) кейін бастап және үшінші онкүндік аралығында солтүстікте сынап бағаналары 35-43 градус аязға дейін төмен түседі, оңтүстікте – минус 25-32-ге дейін, батыста – минус 30-ға дейін. Жаңа жыл түні, синоптиктердің айтуынша, қарлы және желкем болады деп күтілуде.

"31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түні республика аумағының көп бөлігінде кезекті циклонның келуімен қар, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, көктайғақ күтіледі. Солтүстік жартыдағы температура 13-18 шамасында, кей жерлерде 23 градус аяз болады, оңтүстікте плсю 3-тен минус 2-ге дейін тербеліп, кей жерлерде минус 8 градус болмақ", - деп нақтылады Әлия Оспанова.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: