Қазақстан Украинаға 70 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетеді

Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау туралы шешімін орындау мақсатында Қазақстан үкіметі қаржылық және материалдық ресурстар бөлді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. Гуманитарлық көмек

2014 жылы 6 қазанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаның гуманитарлық қажеттіліктері үшін Қызыл кресттің Халықаралық комитетіне 30 мың АҚШ долларын Қазақстанның мүшелік жарнасын төлеу бойынша тиісті үрдісін аяқтады.

2014 жылы 19 желтоқсан күні "Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету туралы" үкіметтің Қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жалпы соммасы 69 727 875 тенгені құрайтын азық-түлік Украинаға жолданатын болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: