Қазақстан Тегеран бойынша «алтылықтың» келесі отырысын қабылдауға дайын

Астана Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді Қазақстанда өткізуге әзір, деп хабарлайды РИА Новости.


Фото: newskaz.ru

Сәрсенбіде АҚШ пен Қазақстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Джон Керри мен Ерлан Ыдырысовтың кездесуі өткен болатын.

2013 жылғы қарашада Иран мен "алтылыққа" дәнекер елдер (Ресей, АҚШ, Британия, Франция, Қытай және Германия) 2014 жылдың 24 қарашасына дейін иран ядролық проблемасы бойынша келіспеушілікті еңсеруге келіскен. Кейіннен бұл мерзім 2015 жылғы 1 шілдеге шегерілген.

"Қазақстан ядролық бағдарлама бойынша "алтылық" пен Иран арасындағы келіссөздер раундын ұйымдастыруға ниет білдірді", - делінген мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: