Қазақстан Париждегі терактіні айыптады

Қазақстан Париждегі фрацуз журналының редакциясына жасалған шабуылды айыптап, лаңкестікпен күресті қолдайды, деп мәлімдеді республиканың сыртқы істер министрлігі.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Сәрсенбі күні таңертең үш содыр Париждің 11-інші округінде орналасқан сатиралық журналының Чарли Hebdo редакциясының ғимаратына басып кіріп, онда болған адамдарға оқ жаудырды.

Шабуылшылар автокөлікпен оқиға орнынан қашып құтылған. Шабуыл кезінде 12 адам ажал құшты.

"Қазақстан 2015 жылғы 7 каңтарда Парижде орын алған шабуылды айыптайды. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына кайғырып көңіл айтамыз", - делінген бейсенбіде таратылған мәлімдемеде.

"Экстремизмнің барлық түрлерімен күрес жолында біз Францияны қолдаймыз және осындай зұлым қатерге төтеп беру ісінде халықаралық серіктестектермен бірігіп жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті СІМ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: