Қазақстан Пәкістанда болған жойқын лаңкестік әрекетті қатаң айыптады

Қазақстан 2014 жылдың 16 желтоқсанында Пәкістанның Пешавар қаласында орын алып, жүз қырықтан астам адамның өліміне себепкер болған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.

Хабарламада, Пәкістан үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтатынымыз және жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейтіндігіміз айтылған.

Сондай-ақ бейкүнә балалар мен ұстаздардың өлімі жиіркендіреді және ашу-ыза тудырады. Бұл - лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі болып табылады делінген.

Қазақстан лаңкестіктің кез-келген сипаты мен көрінісін айыптайды, осы құбылыспен дәйекті түрде күресу үшін әлем қауымдастығының бірлескен күш-жігерін қолдайды және жедел түрде халықаралық лаңкестікпен күрес бойынша жалпыға ортақ Конвенцияны қабылдауға үндейді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: